
Алматы облысының ТЖ Департаменті Алматы облысының аумағында жуынуға (шомылуға) арналған арнайы бөлінген және жабдықталған орындарды келесі мекенжайлар бойынша хабарлайды:
- Қонаев қаласы 6-жағажай ауданындағы Қапшағай су қоймасында;
- Қарасай ауданы, Шамалған ауылы мен Жандосов ауылы арасында «Home Club» ойын-сауық кешені;
- Қарасай ауданы, Жамбыл а/о, «Рахат» а/о;
- «Казанского храма Астанинской и Алматинской Епархии» Ұзынағаш ауылы шіркеуі, Сәтпаев көшесі №90;
- «Свято Тихонский приход» РО Қарғалы ауылы шіркеуі, Жұрынов көшесі №11;
- Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округі, Комсомол ауылының астында, Жалғамыс ауылының солтүстік-шығысында», «Живоносный источник»;
- Өтеген батыр кенті, Ажимуратов к-сі, 1, «Храм во имя святых мучеников Адриана и Натальи»;
- Медереченское ауылы, «Рыбацкая усадьба» демалыс аймағы;
- Қосөзен ауылы, Мұратбаев к-сі, 1 «Храм в честь иконы Божией матери Неупеваемая Чаша»;
- С.М. Түймебаев, Заречная к-сі, 41», «Свято-Сергиевский храм»;
- Ащыбұлақ а/о «Первомайские пруды».
Мейрамды судағы оқыс оқиғалармен қайғыландырмас үшін, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті суға түсушілерге қарапайым ережелерді сақтауға шақырады.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112, 101 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.
Алматы облысы ТЖД
Азаматтық қорғаныс басқармасы