
2023 жылғы 17 қаңтар күні «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Крещение Господне» мерекесі кезіндегі қауіпсіздік тақырыбында брифинг өтті.
Брифингте Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Бельдыбаев Қуат Майтаевич, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігер-эпидемиологы Саржанов Ерлан Жарылқапұлы, Талғар шіркеулік округ басшысының орынбасары Фрейганг Кирилл Владимирович сөз сөйледі.
Спикер – Қуат Майтаевич атап өткендей, Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түнінде православлиелік әлем «Крещения Господня» мейрамын атап өтеді. Сочельник және шоқындыру күнінде барлық православлиелік шіркеулерде суды Ұлы жарықтандыру рәсімі жүргізіледі.
Ескі нанымға сәйкес, бұл күнде су кез-келген сырқаттардан айықтыру қабілетіне ие. Алматы облысы аумағында 10 астам дәрет алу (суға түсу) орындары бөлініп жабдықталды, суға түсу мекен-жайларын шіркеулерде, әкімшіліктерде немесе тиісті аудандардың төтенше жағдайлар бөлімдерінде және Қонаев қаласының ТЖ басқармасынан анықтауға болады.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 55 құтқарушылар мен қызметкерлер суға түсу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Жарақтардан және үсуден аман болу үшін, дайындалмаған және жабдықталмаған орындарда суға түсуден тартынуға құтқарушылар табанды түрде кеңес береді, себебі тек қана білікті мамандар уақытылы алғашқы медициналық көмекті көрсете алады.
Спикер – Ерлан Жарылқапұлы былай деді, жылда сүңгіп жүргендер, жүзумен айналысатын азаматтар, алдын ала суық сумен жуынуды, «обливание» дейміз ғой, содан бастау керек екендігін біледі, олар өздерінің мүмкіндіктерін, мұзды суға түсуге дайындығын бағалайды.
Ол өте дұрыс. Сондай-ақ, шомылу алдында дәрігермен кеңесіп, тексеруден өту керек екендігін де естен шығармайды.
Кейбір аурулар үшін: мысалы, жүрек-тамыр немесе перифериялық жүйке жүйесінің аурулары бар азаматтарға шұңырға сүңгуден бас тартуға кеңес беремін. Сондай-ақ, шұңқырға сүңгу алдында міндетті түрде жылыну қажеттігі де бар. Суға түсер алдында алкогольдік сусындарды ішуге қатаң тыйым салынады.
Алғаш сүңгу 10-15 секундтан аспау керек. Шомылғаннан кейін міндетті түрде құрғақ сүлгімен сүртініп, аяқ киім мен іш киімді киіп алған жөн.
Сонымен қатар, ыстық шай ішкен дұрыс. Мұзды суда қарапайым ережелерді сақтамай жүзу денсаулыққа пайда емес, керісінше зиян әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыздар.
Ми тамырларының рефлекторлық тарылуын болдырмас үшін басыңызды суға кіргізбей, мойынға дейін сүңгіген дұрыс; Алдымен суға секіру және басын суға батыру ұсынылмайды, себебі бұл дене температурасының лезде түсіп кету мүмкіндігін арттырады.
Дененің жалпы гипотермиясын болдырмау үшін шұңғырда 1 минуттан артық қалмаңыз. Шомылғаннан кейін өзіңізді сүлгімен сүртіп, құрғақ киім киіңіз. Иммундық жүйені және гипотермия мүмкіндігін нығайту үшін термостағы жидектер мен жемістерден дайындалған ыстық шайды ішуге кеңес беремін.
Спикер – Кирилл Владимирович былай деді, 19 қаңтарда православиелік христиандар 12 негізгі христиандық мерекелердің бірі - «Крещение Господня» рәсімін өткізеді. Сенушілер Иса пайғамбардың Иордан өзенінде шоқыну рәсімінен өтуін дұға етіп еске алады.
Бұл күні православиелік христиандар ғибадатқа қатысу үшін шіркеулерге жиналады, оның соңында суды қасиеттендірудің ерекше рәсімі - ұлы агиазманы жасайды. Осыдан кейін әркім өз үйіне ішу және бата (окропление) үшін қасиетті суды алуға мүмкіндігі бар.
Бұл күні қасиетті суға үш рет түсу үшін су қоймаларына барудың халықтық дәстүрі бар, бұл оқиға міндетті емес және шіркеу жарғысында орындау үшін белгіленбеген. Әсіресе, суға түсуге дайын емес және тыйым салынған жерлерде немесе жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсу ұсынылмайды.
Брифинг соңында спикерлер азаматтарды «Крещение Господне» мерекесі кезінде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі