Қар көшкіні бар кезеңі және жылыту маусымы бойынша профилактикалық шаралар жүргізілді

Қар көшкіні бар кезеңі және жылыту маусымы бойынша профилактикалық шаралар жүргізілді

Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қар көшкіні қауіпі бар кезеңінде бір қатар іс-шаралар атқарды. 2023 жылғы 13-18 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖБ азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.
Сонымен қатар, Тұрғын үй секторында өрттер мен улы газбен улану жағдайларын болдырмау мақсатында Талғар ауданы ТЖБ және Талғар қаласының МӨС-2 қызметкерлері "Жетісу" телеарнасының журналистерін шақыра отырып, жалғызбасты зейнеткерге атаулы профилактикалық жұмыс жүргізді, ЖАО қаражатынан зейнеткерге улы газ датчигі табыс етілді және пешті жылытуды қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқама берілді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі