Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

"Қазақавтожол" ҰК Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты қатты жел және боран, нөлдік көріну 2023 жылғы 11 қаңтар күні сағат 00:10-ден бастап Республикалық маңызы бар автожол: «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас»(132-230 км) барлық автокөліктер үшін жол қозғалысы жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі