Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 10 қаңтардағы дауылды ескертуінің негізінде 2023 жылғы 11 қаңтар күні Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты қар жаууы, тұман түсуі және көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі