
"Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 10 қаңтардағы дауылды ескертуінің негізінде 2023 жылғы 12-13 қаңтар күндері Алматы облысында минус 30-33 градусқа дейін өте қатты аяз күтіледі.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі