"Қазақавтожол" ҰК Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты нөлдік көріну, боран, қарлы боран 2023 жылғы 5 қаңтар күні сағат 16:00-ден бастап Облыстық маңызы бар автожол: «Ұзынағаш-Құрты»(60-70,4 км) барлық автокөліктер үшін жол қозғалысы жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі