Алматы облысы ТЖД қызметкерлері балықшыны жағаға тасымалдауға көмектесті

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері балықшыны жағаға тасымалдауға көмектесті

2023 жылғы 4 қаңтар күні сағат 15:41-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне 103 кезекші қызметінен 1973 жылы туған ер адамның ауырып қалғаны және оны тасымалдауда көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 техника бірлігі дереу жіберілді.

Шақырту орнына келгеннен кейін азамат 2023 жылғы 4 қаңтарда таңертең Қапшағай су қоймасына жағадан 1,5 шақырым қашықтыққа балық аулауға шыққаны және (гипертониямен ауыратын) азаматтың ауырып қалғаны  анықталды.

Қонаев қаласының ЖҚЖ күшімен азамат жағаға жеткізіліп, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі