Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

"Қазақавтожол" ҰК Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты қатты қар, боран, 2023 жылғы 4 қаңтар күні сағат 02:00 бастап Республикалық маңызы бар автожолының "Алматы-Өскемен" (25-254 км, Терминао - Талдықорған қаласы) барлық автокөліктер үшін жол қозғалысы жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі