Алматы облысында жаңа жылдық рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізілді

Алматы облысында жаңа жылдық рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізілді

27.12.2022 жылы Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Облыстық ауқымда жаңа жылдық рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Рейдтер барысында халық арасында пиротехникалық құралдарды сатып алу, сақтау және пайдалану қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Профилактикалық іс-шаралармен ПИК қызметкерлері қамтылды, үй тұрғындарымен нұсқамалар ұйымдастырылды, жаңа жылдық мерекелерде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде жадынамалар таратылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтары арасында жарақат алу фактілерін болдырмау үшін пиротехникалық өнімді міндетті түрде пиротехникалық өнімге лицензиялар мен сертификаттар бере отырып, оны сату үшін арнайы бөлінген орындарда ғана сатып алуды ұсынады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі