
"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 21 желтоқсандағы дауылды ескертуінің негізінде 22 желтоқсан күні Алматы облысының орталығында және таулы аудандарында тұман түсуі және көктайғақ күтілуде. Солтүстік-батыстар жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі