
Отшашуларды, салюттерді, тағы да басқа пиротехникалық өнімдерді тек арнайы дүкендерден сатып алыңыздар, оларды қолдан немесе базардан сатып алуға болмайды, себебі ол жерлерде сатылатын пиротехникалық өнімдер заңсыз әкелінген блуы мүмкін.
Отшашулар мен салюттерді тұрғын үйлердің немесе тез жанғыш заттардың қасында 20 метрден жақын жерлерде, төмен бастырмалар мен өсіп тұрған ағаштардың астында қолдануға болмайды.
Ракеталар мен отшашуларды адамдарға қарай атуға болмайды. Ракета – бұл қауіптілігі жоғары пиротехникалық бұйым. Кейде қардың үстіне орнатылған ракета бір жағына ауып кетіп, бағытын өзгертіп, адамдарға қарай ұшуы мүмкін. Сондықтан ракета сияқты пиротехникалық өнімдерді қолданғанда, олардың іске қосатын түтіктерінің жерге нық орнатылуын байқау қажет.
Отшашуларды жаққан кезде білтесін бетке жақын ұстауға және отшашудың білтесін созылған қол қашықтығында жағу керек.
Әрбір пиротехникалық бұйымда оның қолдану әдісі туралы нұсқаулық жазылады. Сол нұсқаулықты мұқият оқып шығу үшін бір-екі минут уақытыңызды бөліңіз. Бұл Сізді пиротехникалық затты қолданғанда қате іс-қимылдан сақтайды.
Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыздар!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі