
ҚР ТЖМ "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісі 2022 жылғы 4 желтоқсан күні Алматы уақытымен сағат 16:08-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 116 км жерде Алматы облысы Кеген ауданының аумағында (Курметы ауылынан 10 км қашықтықта) орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 7.3.
MPV магнитудасы 3.8.
Эпицентрдің координаттары 43.04° с.е. 78.32° ш.б.
Тереңдігі 10 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): 2 балл
Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, Полиция Департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ.
Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:
- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- сымдарға қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі