Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

"Қазақавтожол" ҰК Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты боран, нөлдік көріну 2022 жылғы 26 қараша күні сағат 20:30-дан бастап Республикалық маңызы бар автожолының "Алматы-Шелек-Қорғас" (136-246 км, Байсейт-Шонжы ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ұйғыр ауданы) учаскесі барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі