
"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 26 қарашадағы дауылды ескертуінің негізінде 27 қараша күні Алматы облысында ауа температурасының -2 градусқа дейін күрт төмендеуі күтілуде. Таулы аймақтарда -23 градусқа дейін және облыстың солтүстігінде ауа температурасының -15 градусқа дейін төмендеуі байқалады.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі