
Бүгін 2022 жылғы 25 қараша күні Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті "Қыс-2022" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары шеңберінде Алматы облысы Іле ауданы Өтеген Батыр ауылының 3-ЖЭО тіршілікті қамтамасыз ету объектісінде аумақтық тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізді.
Негізгі мақсаты - азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындық деңгейін арттыру болып табылады.
Оқу-жаттығу барысында үш оқу орнында авариялық-құтқару және қалпына келтіру жұмыстарының элементтері, турбокотель мен қазандық цехтарындағы өрт ошағын жою, химиялық цехтағы авария, сондай-ақ зардап шеккендерді эвакуациялау жұмыстары пысықталды.
Алматы облысының аудандық басқармасы мен төтенше жағдайлар бөлімдері аудан әкімдіктерімен бірлесіп ыстық және суық судың магистральдық құбырларының екпіні, әуе желілерінің сымдарының үзілуі, адамдарды қар құрсауынан эвакуациялау кезінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын пысықтаумен практикалық іс-шараларды пысықтады.
Айта кетсек, барлық тартылатын ЖЭО-3 құрылымдары, сондай-ақ Алматы облысының Азаматтық қорғау қызметтері қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.
"Қыс-2022" РКШОЖ-ны өткізуге жеке құрамнан 213 қызметкер мен 65 бірлік техника жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі