
"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 26 қарашадағы дауылды ескертуінің негізінде 27 қараша күні Алматы облысының автожолдарында көктайғақ күтілуде. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі