
"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 21 қарашадағы дауылды ескертуінің негізінде 22 қараша күні Алматы облысының таулы аудандарда қар, жаңбыр жаууы және тұман түсуі күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі