
2022 жылғы 16 қараша күні «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Қатты отынмен пешті жылытуды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі және ірі жемді қауіпсіз сақтау», «Автомобильге газ құю станциялары тұрмыстық баллондарды толтыруға арналмаған!» тақырыбтарында брифинг өтті.
Брифингте Алматы облысы ТЖД Мемл Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Жагиппаров Ерсін Еділханұлы, Алматы облысы ТЖД Енбекшіқазақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Жамалбек Жанабек Бақытжанұлы және Өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Сагимбетов Арман Хасенович сөз сөйледі.
Брифинг соңында спикерлер азаматтарды жыл беру маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және қатты отынмен пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі