Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті

Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу  және оларды жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті

Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның 2022 жылға 09 қарашада жоспарға сәйкес Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.М. Тұрлашовтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.

          Отырыста төрт мәселе қаралды:

1.2022 жылғы шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың қорытындылары;

2.2022 – 2023 ж. ж. жылыту кезеңіне дайындық және халық арасында өрт қауіпсіздігі саласында алдын алу іс-шараларын жүргізу;

3.Облыс аумағында 2022-2023 жылдарға арналған қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу жөніндегі іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру туралы;

  1. Алматы облысының аумағында "Кыс-2022" РКШЖ дайындау және өткізу туралы.

        Отырыс қорытындысы бойынша комиссия шешім қабылдады және орындау мерзімдерін белгілей отырып, мүдделі облыстық қызметтерге, аудандар мен қала әкімдеріне нақты  тапсырмалар берілді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі