Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 7 қарашадағы дауылды ескертуінің негізінде 8 қараша күні Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түсуі, жаңбыр, қар жаууы және көк тайғақ күтіледі. Оңтүстік-Батыстан жел соғады, екпіні 25 м/с. Сондай-ақ ауа температурасының 2-7 градустық жылулыққа дейін күрт төмендеуі күтілуде.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі