
"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 2 қарашадағы дауылды ескертуінің негізінде 3 қараша күні Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түсуі күтіледі. Солтүстік-Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі