Талғар ауданның тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігінің айлығы

Талғар ауданның тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігінің айлығы

Суықтар жақындаған сайын тұрғындар көбінесе мұржаларды, түтін құбырларын күйеден тазартпай, сонымен қатар су жылытудың кеңейту цистернасын оқшаулау сенімділігін тексермей (егер ол жылытылмаған бөлмеде болса) пешті жағуды бастайды.

Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін күшейту, адамдардың өрттерде қаза болуын және азаматтардың улы газбен улануын болдырмау мақсатында 2022-2023 жылғы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу іс-шаралар жоспарына сәйкес Талғар ауданы аумағында үй-үйлерді араулар өткізіледі.

Тұрғын сектордағы үй-үйлерді аралаулардың мақсаты  - жеке және көппәтерлі тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Бірінші кезекте үй-үйді аралау халықтың әлеуметтік осал топтары мен қолайсыз отбасылар тұратын мекен жайлар бойынша жүргізіледі. Солай, Талғар ауданында 1054 халықтың әлеуметтік осал топтары мен қолайсыз отбасылар үйлері араланды, аралауларға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, энергия қадағалау, газ шаруашылығының қызметкерлері, ПИК және БАҚ өкілдері, «Lider.kz», «Аманат» ЖҚ волонтерлік ұйымдардың мүшелері тартылды.

Азаматтық қорғау қызметкерлері барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып және міндетті түрде қызметтік куәлігін көрсете отырып, нысанды киімде тұрғын үйсекторын аралаулар жылыту маусымының соңыда дейн күнделікту жүргізілед, осыған орай тұрғындардың назарына, аралау кезінде ӨҚ нұсқаулық өткізілуіне, ұсыныс-түбіртек беруіне түсінікпен қарауыңызды сұраймыз, өрт қауіпсіздік қағидаларына бөлінген уақыттарыңыз мүлкіңізді ғана емес, тіпті өміріңізді сақтап қалу мүмкін.

Құрметті Талғар ауданының тұрғындары! Есітеріңізде болсын, бірлесіп біз сіздің үйлеріңізде өрттің пайда болуын болдырмауға, сондай-ақ улы газдан улану қаупін барынша азайтуға болады. Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз.

 

Алматы облысы ТЖД  баспасөз қызметі