
"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 18 қазандағы дауылды ескертуінің негізінде 19 қазан күні Алматы облысында ауа температурасының 7-12 градусқа дейін, сондай-ақ солтүстікте және таулы аудандарда 2-7 градусқа дейін күрт төмендеуі күтілуде.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі