НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Соңғы уақытта азаматтар кейбір танымал Қытай маркаларының мобильді құрылғыларынан жедел қызметтерге хабарласа алмайды. Android операциялық жүйесі бар кейбір телефондарда өрт сөндіру қызметінің – «101», полицияның – «102», жедел медициналық көмектің – «103», газдың авариялық қызметінің – «104» нөмірлеріне қоңырау шалған кезде шақыру ТЖД бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің – «112» телефон нөміріне автоматты түрде бағытталуда.
Егер Сізде қытайлық смартфон болса, жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады? Іс жүзінде бәрі қарапайым – қоңырау басқа ведомствоға бағытталмауы үшін терілген нөмірдің алдында 9 префиксін қосыңыз:
9101 - өрт сөндіру қызметі;
9102 - полиция;
9103 - жедел жәрдем;
9104 - авариялық газ қызметі.
Төтенше жағдайда ең бастысы — бұл ерекшелікті ұмытпау қажет.
Шұғыл нөмірлерді смартфоныңызға сақтап қойыңыз және олар Сізге ешқашан қажет болмасын!

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі