
Алматы облысы ТЖД жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жүргізілетін профилактикалық жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп 28.09.2022 жылы сағат 10-00-де Іле ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Азаматтық қорғаудың лауазымды тұлғаларының қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу туралы заңнаманың негізгі талаптарын түсіндіру бойынша іс-шара өткізілді.
Іс-шара сағат 9-00-де №8 өрт сөндіру бөлімінің аумағында Департамент қызметкерлерін сапқа тұрудан басталды.
Іс-шараға кезекші ауысымнан бос (ТЖБ) Б, өрт сөндіру бөлімдерінің, қарауылдардың бастықтары, инженерлік-инспекторлық құрам тартылды.
Сондай-ақ, кез келген азамат сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлай алатын 1424 Call-орталығының жұмысы түсіндірілді.
Қатысушылардан қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі