Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2022 жылғы 29 қыркүйекте сағат 12.55 облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электрдабылдар 30 секундқа қосылатынын хабарлайды. Осыған орай, Сіздерден үрейге салынбауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар Алматы облысының ТЖД Сіздерге Төтенше жағдайлар орын алғанда жағдайда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
- радио және теледидарды қосыңыз;
- шұғыл хабарды тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:
- көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі