Газ баллондарын пайдалану қаупі неде?

Газ баллондарын пайдалану қаупі неде?

Алматы облысында халықтың бір бөлігі газ баллондарын әлі де пайдаланады, пайдамен қатар олар дұрыс пайдаланбау салдарынан әрбір азаматқа нақты қауіп төндіреді. Кез келген сәтте газдың иісі шығып таралуы мүмкін. Тұрмыста қолданылатын метан (қалалық магистральдық газ) және сұйытылған газ (баллондарда) аса қауіпті болып табылады. Газдың иісі шығып таралу салдарынан олар тұншықтырғыш газбен улайды, ең қорқынышты жарылысқа әкелуі мүмкін.

          Қазіргі уақытта баллондарды газбен толтырумен жөндеу базасы мен баллондардың айырбастау қоры жоқ көптеген ұйымдар айналысады, яғни отын құю сатып алушының баллон ыдысына жүргізіледі, бұл өте қауіпті. Баллон оны әрбір пайдаланғаннан кейін міндетті түрде газ толтыру станциясына мамандардың оны одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін қайтарылуы тиіс. Бірақ авария, өрт, жарылыс себебі тек ақаулы немесе толып кеткен баллон ғана емес, сонымен қатар ол пайдаланылатын және көп маңызды, газ жабдығының ақаусыздығы да болуы мүмкін. Сонымен қатар, газ баллондарды техникалық талаптарға жауап бермейтін үй – жайларда, жертөлелерде, техникалық дәліздерде, тұрғын үй-жайларда орнатылған газ жабдығын пайдаланады.

Осыған байланысты Алматы облысы ТЖД күнделікті өмірдегі газ қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы ескертеді:

- таразы қондырғысымен, өлшеудің нормативтік дәлдігін қамтамасыз ететін бақылау таразыларымен, артық толтырылған баллондардан газды ағызуға арналған ыдыспен (баллонмен) жабдықталған тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған арнайы пункттерде ғана баллондарды құюды жүзеге асыру;

- баллонды суықтан жылуға енгізуге, жылу көздерінің жанына қоюға болмайды, өйткені күрт кеңейту болып, жарылысқа алып келуі мүмкін;

- баллонды ауыстырар алдында жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан кейін қосылыстардың герметикалығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін жағу арқылы));

- баллонды газ плитасымен қосу үшін арнайы (кездейсоқ емес) иілгіш резеңке шлангты қауіпсіздік қысқыштары арқылы бекітілген ұзын метрден аспайтын етіп пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;

- газ құралдарын қосу ретін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газ беруді ашыңыз;

- тексерілмеген баллонды пайдалануға болмайды;

- газ иісінің шығып таралып кетуін болдырмау үшін тамақ дайындау барысында қайнаған сұйықтықтар тасып отты сөндірмеуін қадағалаңыз. Жанарғыларды үнемі тазалаңыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз.

Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр құралдарын қоспау, телефон сымын розеткадан шығару қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда "101", "104", "112"-телефон арқылы қоңырау шалыңыз!

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі