Ғасырдың сара сырласы,
Ақыл-ойдың -- тұнбасы.
Мәңгілік мақтан есімі,
Даналықтың тұлғасы.
Жақсылық жасап жалпыға,
Жол көрсеткен халқына.
Теңдессіз,баға жетпейтін,
Қалдырдың мұра артыңа.
Ұлылық жиған бойына,
Сізді алам жиі ойыма.
Шашуым болсын осы жыр,
150 жылдық тойыңа!..
Айсулу Хузрет
5 қыркүйекте Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ұлттық хат реформаторы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толды.
Ахмет Байтұрсынов-қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, XX ғасыр басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы көшбасшыларының бірі, мемлекеттік қайраткер, ағартушы және Алаш-Орданың атқарушы билігінің мүшесі.
Алматы облыстық ТЖД Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай "Ахмет Байтұрсыновтың өмірі" атты қысқаша бейнефильмі көрсетіліп, департамент қызметкерлері жазған қазақ ақынына арналған авторлық өлеңдер оқылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі