Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы "Евразия" минимаркетінің жану фактісі бойынша ақпарат

Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы "Евразия" минимаркетінің жану фактісі бойынша ақпарат

         2022 жылғы 5 қыркүйекте сағат 7-18-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Талғар ауданы Гүлдала ауылында "Алматы-Көкпек-Көктал" а/ж бойында "Евразия"минимаркеті жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

          Шақыру орнына жоғары дәрежелі шақыру бойынша өртке қарсы бөлімшелер дереу жіберілді.

          Шақыру орнына сағат 7:44-те келген кезде (өрт сөндіру бөлімінен қашықтық 25 км.) жалпы алаңы 600 ш. м. "Евразия" азық-түлік дүкені жанып жатқаны анықталды (бір қабатты ғимарат, көлемі 45х15, жалпы ауданы 675 ш.

          Өрт сағат 09-03-те ауыздықталды және сағат 10-00-де жойылды. Ауздықтауға АК-дан РСК-50 төрт оқпаны мен Шахман су тасығышының жұмысы қол жеткізді. Құрылымдарды төгу және бөлшектеу жүзеге асырылды.

          Өрттің себебін анықтау үшін шақыру орнына Алматы облысы ТЖД Өрт сынақ зертханасы жіберілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

          Тұтануды сөндіруге Талғар қаласы 2-МӨСБ 7 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, Өтеген батыр кенті 8-ӨСБ 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, Боралдай ауылы 9-ӨСБ 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, 7-ӨСБ 5 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, аудандық полиция басқармасының 6 қызметкері мен 2 техникасы.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі