
ҚР ТЖМ "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2022 жылғы 03 қыркүйекте Алматы уақытымен 15 сағат 46 минут 05 сек (Гринвич бойынша 2022 жылғы 03 қыркүйекте 09 сағат 46 минут 05 сек) жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде, Қазақстан, Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 7.8.
MPV магнитудасы 3.3.
Эпицентрдің координаттары 44.06° С. Е. 75.17° ш. б.
Тереңдігі 20 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЗК-64 шкаласы бойынша): жоқ
Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, Полиция Департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ.
Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:
- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- сымдарға қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі