Алматы облысының ТЖД Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының онлайн көрсетілімі өтті

Алматы облысының ТЖД Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының онлайн көрсетілімі өтті

2022 жылғы 1 қыркүйекте Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тікелей эфирін онлайн-қарау ұйымдастырылды, ол VII шақырылған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында конференц-байланыс режимінде өтті.
Президент Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының әл-ауқатын арттыруға, әйелдердің зейнеткерлік жасын азайтуға және т.б. арналған негізгі бағыттар мен міндеттер атап өтілді.
Осындай іс-шаралар Алматы облысы ТЖД барлық ведомстволық бағынысты бөлімшелерінде өтті.

 


Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі