
Жылыту маусымында улы газбен улану және адамдардың қаза болу жағдайларын азайту мақсатында алдын алу жұмыстарын жүргізу шеңберінде ағымдағы жылдың 25 тамызында 2022-2023 жж. жылу беру маусымында тұрғын үй секторында өрт алдын алу жұмыстарын жүргізу іс-шараларына сәйкес МӨББ және Іле ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері ЖАО өкілдерімен, «Ile juregi» волонтерлерімен, «ҚазТрансГаз» АҚ, ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесіп әлеуметтік осал топтағы отбасылардың тұрғын үйлеріне аралау өткізді.
Тұрмысы нашар отбасыларға рейд жүргізілді, 40 азамат қамтылды, сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, волонтерлік ұйымдармен әлеуметтік осал топтағы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді, атап айтқанда улы газды анықтайтын датчикті орнату, сондай-ақ қатты отынмен жағылатын пештерді жөндеу және тазалау.
Осы бағыттағы жұмыс жылу беру маусымы аяқталғанға дейін жалғасатын болады.
Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі