Сотрудниками ДЧС Алматинской области проведено занятие с личным составом УЧС, ОЧС районов и городов.

Сотрудниками ДЧС Алматинской области проведено занятие с личным составом УЧС, ОЧС районов и городов.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 25 тамызында аумақтық бөлімшелердің инженерлік-инспекторлық құрамының арасында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттарды зерделеу, сондай-ақ «ЕРАП мобильді қосымшасы» платформасында әкімшілік іс жүргізу бойынша білім деңгейін арттыру мақсатында аудандық және қалалық ТЖ бөлім (басқарма) жеке құрамымен сабақ өткізілді.

Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.П. Раудың басшылығымен саптық түзеу өткізілді. Саптық түзеу барысында МӨББ және аудандар мен қалалардың ТЖ бөлім (басқарма) жеке құрамына жол жүру ережелері, этикалық кодекс, нысанды киім-кешекті сақтау жөніндегі ережелер түсіндірілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша нұсқама жүргізілді.

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі