
Жеке құрам арасында нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында 2022 жылғы 17 тамыз күні Жетісу облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, психологиялық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері, сондай-ақ Талдықорған қаласы №1 емханасы дәрігерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде Алматы және Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жеке құрамымен нашақорлыққа қарсы күрес жөнінде семинар-кеңес өткізілді.
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкері нашақорлыққа байланысты қылмыс бойынша статистиканы жеткізді, сондай-ақ есірткі заттарын сақтау мен таратудың салдары туралы ақпаратты айтып өтті. Сонымен қатар, Алматы және Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің басшыларына жеке құрам арасында сабақ өткізу бойынша нақты бағыттар берілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі