Қонаев қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдегі өрт туралы ақпарат

Қонаев қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдегі өрт туралы ақпарат

2022 жылғы 18 тамыз күні сағат 9:31-де Алматы облысы ТЖД пультіне Қонаев қаласының 1 шағын ауданында көп пәтерлі тұрғын үйдің балконы жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына жоғары дәрежелі шақыру бойынша өртке қарсы бөлімшелер дереу жіберілді.

Шақырту орнына сағат 9:34-те (2 минут ішінде, өрт сөндіру бөлімінен қашықтық 2 км.) келгеннен кейін көп пәтерлі тұрғын үйдің 3 және 4-қабатындағы балкондарға ауыса отырып, 2-ші қабаттағы балкон жанғаны анықталды.

Өрт сағат 9:47-де ауыздықталып, сағат 10:00-де жойылды, 23 ш.м. алдын ала алаңда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері өрт шыққан жерден баспалдақ маршы бойынша тұрғын үйдің 18 тұрғынын (оның ішінде 2 баланы) эвакуациялау іс-шаралары ұйымдастырылды.

Өрттің себебін анықтау үшін шақырту орнына Алматы облысы ТЖД Өрт сынақ зертханасы жіберілді. Өрттің алдын-ала себебі сөндірілмеген темекі болды.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 10 қызметкері мен 3 техникасы, сондай-ақ полиция қызметкерлері, жедел жәрдем бригадалары және басқа да өзара іс-қимыл қызметтері қатысты.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі