Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 7 тамыздағы дауылды ескертуінің негізінде 8-10 тамыз күндері Алматы облысының Іле Алатауы тауларының кей жерлерінде қатты жаңбыр жаууы, бұршақ жаууы, күн күркіреуі және найзағай түсуі күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі