Қоқысты рұқсатсыз жағу-өрттің себебі

Қоқысты рұқсатсыз жағу-өрттің себебі

Өрт қауіпті кезеңде өрттермен жағдай күрделене түседі.Әдетте, осы кезеңде қоқыс, құрғақ шөп пен сабан рұқсатсыз жағылады.Құрғақ өсімдіктердің жануының себептері сөндірілмеген от, ұқыпсыз тасталған темекі тұқылдары мен сіріңкелер, құрғақ шөптер мен қоқыстарды әдейі жағу болып табылады.Осыған байланысты табиғатқа шыққанда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар.

Жетісу облысы қоқысты рұқсатсыз жағу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-бабына сәйкес " Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау " 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады.

Өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай екенін ұмытпаңыз!

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі