Мобильді DARMEN

Мобильді DARMEN

Қазіргі уақытта әрбір адамның қағидасы "ескертілген, демек қаруланған, қаруланған, демек дайындалған" сияқты маңызды сәтке болуы. "І2NIK" ЖШС ҚР ТЖ Комитетімен бірлесіп DARMEN мобильді қосымшасын әзірлеген, қосымша бірнеше секунд ішінде халықты төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы туралы жаппай хабардар етуге мүмкіндік береді.

Төтенше жағдайлар кезіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша соңғы деректер: ресми статистика, сейсмикалық ақпараттандыру жәнк дауылды ескертулер әрқашан Сіздің мобильдік қосымшаңызда қол жетімді.

Қосымша жоғары тиімділікті көрсетті және 2019 жылғы қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумағында пайдаланылады. Өз туыстарыңыздың қауіпсіздігін және жеке қауіпсіздігінізді қамтамасыз ету мақсатында әрдайым ескертілген болуыңызды, яғни кез келген төтенше жағдайларға барынша дайын болуыңызды DARMEN мобильді қосымшасы іске асырады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі