
2022 жылдың 24 шілдесінде Алматы облысы ТЖД Қонаев өңірінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай суқоймасының №6 қалалық жағажайды патрульдеу кезінде 2009 және 2012 жылы туған екі баланы құтқарды.
Балалар шамамен 100-150 метр жағадан жүзіп кетіп, терңдікте бата бастады. Құтқарушылар уақытында көмекке келді, олар құтқарылған балаларды жағаға жеткізіп және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқау берді. Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмады.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі