Кеген ауданы ТЖБ қызметкерлері аудан тұрғындарын өрт қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Кеген  ауданы ТЖБ қызметкерлері аудан тұрғындарын өрт қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Бүгінгі таңда орын алуы мүмкін өрттердің алдын алу мақсатында ТЖБ қызметкерлерімен кешенді алдын алу шаралары жүргізіледі. Атап айтқанда, аудан және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, ашық аумақтарға жапсарлас автомобиль бойында минералданған жолақ (жол) құру бойынша шаралар жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 50 шақырым жол мен даламен жапсарласқан орындарда жекеменшік сектор жалпы аумағы 80 гектар болатын құрғақ шөп шабылды.

Құрғақ шөп пен қоқыс өртенген кезде оттың жақын орналасқан тұрғын үйлерге, жанар-жағармай құю станцияларына, мұнай базаларына, құрылысқа, ғимараттарға таралу мүмкіндігі артып, өмір үшін қауіп төндіріп, материалдық шығын келтіруі мүмкін.

Осыған байланысты, ТЖ бөлімі аудан тұрғындары мен аудан қонақтарын құрғақ және ыстық ауа райын ескере отырып:

- қураған шөптерге темекі қалдықтарын тастамауға;

- құрғақ өсімдіктердің жанында от жақпауға;

- от тұтанып кету қаупі бар сынған шынылар мен бос құтыларды қалдырмауға шақырады.

Ауыр зардаптар  орын алған жағдайда  кінәлі адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі