Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 20 шілдедегі дауылды ескертуінің негізінде 22-23 шілде күні Жетісу облысында 40-41 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі.
Жетісу облысы ТЖД сіздерден үйден шықпауларыңызды сұрайды. Жылудан зақымданған жағдайда дереу көлеңкеге барыңыз, салқындаңыз, су ішіңіз. Есіңізде болсын, қатты жылу кезінде табиғи өрттердің пайда болу қаупі артады.
Жетісу облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі