Балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз.

Балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз.

2022 жылғы 17 шілде күні сағат 17.05-те облыстық ТЖД құтқарушыларына Балқаш көлінің жағалауында бала жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге Сарқан өңірінің Жедел-құтқару жасағының патрульдік құтқарушылары шықты.

Бір сағат ішінде 2013 жылы туған бала көлдің жағасында, ата-анасынан 5 км жерде тірі және жарақатсыз табылды.

Осындай жағдай Алакөл көлінде де орын алды, Ақши ауылында құтқарушылар, демалушылар арасында ата-анасынан айырылған 2018 жылы туған қызды табуға көмектесті.

Балалардың ата-аналарымен судағы қауіпсіздік ережелері және су маңындағы кәмелетке толмаған балаларға үнемі назар аудару қажеттілігі туралы түсіндірме әңгіме жұмыстары жүргізілді.
 
Алматы облысының ТЖД азаматтарды суға шомылу маусымында барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі