
2022 жылғы 16 шілде күні сағат 14.45-те Қапшағай су қоймасындағы №7 қалалық жағажайды патрульдеу барысында Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1997 ж.т. екі жас адамды құтқарды, олар жағадан 150 метр қашықтыққа жүзіп кеткен, сол сәтте тереңдікке түсіп, суға бата бастаған. Құтқарылғандар жағаға жеткізілді, медициналық көмек қажет болмады.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі