Он жасар бала үш жасар баланы құтқарды

Он жасар бала үш жасар баланы құтқарды

           2022 ж. 15 шілде күні сағат 10:36-да Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне Алматы қаласы ТЖД дағдарыс жағдайлар басқармасының кезекшісінен 2022 ж. 14 шілде күні Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында Көкдала (Новостройка) көшесінде тұратын 2011 жылы туылған бала сағат 09:40 шамасында қазылған шұңқырдан (дәретхана) - 2019 жылы туған көрші қызды алып шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

          Үш жасар қыздың анасынан қыз баланың дәретханаға құлап кеткенін білген соң, әкесі мен баласы көмекке асықты. Алдымен ер адам дәретхананың тесігіне өзінің түсуі туралы шешім қабылдады, бірақ, өкінішке орай, тесік тым кішкентай еді. Өзін де төмен түсіруге де мүмкіндік болмады. Сонда он жасар          Әлихан қазылған шұңқырға түсугі өзі сұранды, ол сол дәретхананың кішкентай тесігіне өзі ғана сиятынын түсінді. Ұлын арқанмен байлап, баланың әкесі оны дәретханаға тесігінен түсіріп, алдымен қызды, содан кейін ұлын тез шығарды.

          Балалар улы газдармен тұншығып кетуі мүмкін болатын, бірақ баланың батыл және тез әрекеттерінің арқасында екеуі де медициналық көмекке мұқтаж болмады. Батыр бала қыздың өмірін сақтап қалғаны үшін ведомстволық марапатқа ұсынылады.

 

                                                                                         Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі