Қапшағай су қоймасында Ұлыбритания азаматы құтқарылды

Қапшағай су қоймасында Ұлыбритания азаматы құтқарылды

2022 жылғы 13 шілдеде сағат 18.55-те Алматы облысы ТЖД Қонаев қ. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары күшімен Қапшағай су қоймасындағы №6 қалалық жағажайға жағалаудан 100 метр қашықтықта патрульдеу жүргізу кезінде 1973 жылы туған Ұлыбритания азаматы құтқарылды, ол тереңдікке түсіп, бата бастаған.
Құтқарушылар ер адамды жағаға аман-есен эвакуациялады, құтқарылған медициналық көмекке мұқтаж емес еді.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі