2022 жылғы 13 шілдеде сағат 18.00 шамасында Алматы облысы Ұйғыр ауданында нөсерлі жауын-шашын нәтижесінде, "Шонжы-Қалжат" автожолының 55 шақырымында, биіктігі шамамен 5-10 см. көлбеу ағын жүрді. Нәтижесінде үш демалыс аймағының аула аумақтарына су өтті, тұрғын үй-жайлар мен ғимараттарды су басу тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта жауын-шашын тоқтады, су деңгейі төмендеді, су транзиттік режимде өтуде.
Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері қызмет атқаруда.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі