Республикалық маңызы бар «Ақсай-Шонжы» автожолында балшық тас массасының түсу фактісі бойынша ақпарат

Республикалық маңызы бар «Ақсай-Шонжы» автожолында балшық тас массасының түсу фактісі бойынша ақпарат

          2022 жылғы 12 шілде күні сағат 17-19-да Жетісу облысының Ұйғыр ауданында жауын-шашын түрінде жауған жауын-шашынның салдарынан Республикалық маңызы бар «Ақсай-Шонжы» автожолының 12 шақырымында балшықты тас массасының түсуі орын алды.

          Автожолдың осы учаскесінде жол жүру бір жолақпен жүзеге асырылған, балшықты тас массасының жалпы көлемі алдын ала 10 текше метрді құрады. Сондай-ақ, осы автожолдың 18 және 19 шақырымында жол төсемі арқылы су тасқыны жүріп өткен, 18 шақырымда жол төсемі ішінара шайылды.

          Автожолдың осы учаскелерінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бекеттер қойып, қауіптің алдын алуы үшін белгілер орнатты. Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының ДЭУ-17 күшімен (5 қызметкер, 3 бірлік техника) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Автожолды тазарту үшін жергілікті атқарушы органдар, Ұйғыр ауданының ТЖ бөлімі (3 қызметкер және 1 бірлік техника), патрульдік полиция (2 қызметкер және 1 бірлік техника) тартылды.

          2022 жылдың 13 шілде күні сағат 09-00-де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, автокөліктердің барлық түрлеріне жол жүру бар.

           Зардап шеккендер, қаза тапқардан және қираулар жоқ.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі