Баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады?

Баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады?

Өкінішке орай, биік үйлердің терезелерінен құлаған балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қалаларда көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлау жағдайлары жиілеп кеткені бейім. Балалардың аса қызығушылығының нәтижесінде балалар кейде өмірге сәйкес келмейтін жарақат алады.

Әдетте, құлаудың барлық жағдайларында балалар жиһаздың әртүрлі бөліктерін пайдаланып, терезе төсенішіне өздігінен көтеріліп, москитке қарсы торына сүйеніп, осылардың салдарынан терезелерден құлап кетеді. Сонымен қатар, құлаудың басым көпшілігі ересектердің балалардың мінез-құлқын бақылауының болмауынан, терезелерді жабуды ұмытып кететін туыстары мен достарының алаңдаушылығынан, терезелерде құлыптардың немесе терезе тұтқаларының болмауынан, балалардың өздігінен терезе төсеніштеріне көтерілуіне мүмкіндік беретін жиһаздың дұрыс орналаспауынан және жабық терезенің елесін тудыратын москит торларының болуынан болды.

Мәселен, Алматы облысында 2022 жылдың ағымдағы кезеңінде балалардың терезеден құлауының 2 жағдайы тіркелді, екі жағдайда да құлаудың нәтижесі – жарақат. Балалардың қаза болуының негізгі себептерінің бірі ата-аналардың ұқыпсыздығы мен жауапсыздығы, ата-аналарының қарауынсыз қалған балалардың абайсыздығы болып табылады.

Бірінші оқиға 2022 жылдың 7 ақпанында болды. Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Жетісу облысы Текелі қаласындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінде сағат 11:30-да ересектердің қарауынсыз қалып, 2013 жылы туған бала 2-қабаттың терезесінен құлап, жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

2022 жылғы 10 шілде күні сағат 19:45-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Алматы облысы Іле ауданы Чапай ауылындағы шағын аудандардың бірінде сағат 14:29-да 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы терезеден 2013 жылы туған, ересектердің қарауынсыз қалған қыз бала құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ол Өтеген батыр ауылындағы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне жабық бас сүйек-ми жарақаты, көкірек қуысы мен құрсақ қуысы ағзаларының түтіккен жарақаты диагнозымен жатқызылды. Жағдайы өте ауыр. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері шықты.

Құрметті ата-аналар! Алматы облысының ТЖД балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақталуы қажет мінез-құлық ережелерін еске салады:

- терезелерді ашық қалдырмаңыз;

- терезені тиісті қорғаусыз москитке қарсы торларын пайдаланбаңыз, өйткені бала алда қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді сүйенеді, нәтижесінде тіпті бір жасар баланың салмағына арналмаған тормен бірге құлап кетуі мүмкін;

- бала терезе алды тақтайына көтерілмеуі үшін жиһазды терезе жаққа қоймаңыз;

- терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнайтын баланы қараусыз қалдырмаңыз;

- балалардың төсекке немесе терезелердің жанында орналасқан басқа жиһаздарға секіруіне жол бермеңіз.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында осы қарапайым ережелерді орындау баланың терезеден құлауының алдын алуға, оның денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі, өйткені балалар - бұл біздің болашағымыз!

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі