
Жарияланған балалар жылы шеңберінде 2022 жылғы 11 шілде Ақсу ауданының ТЖБ қызметкерлері № 29-шы Қапал ауылындағы өрт сөндіру бекеті ауласында балаларға өрт қауіпсіздігі шараларын жан-жақты оқыту мақсатында, Ғ.Орманов атындағы орта мектебі базасында орналасқан Тамшыбұлақ лагерінің демалушыларына арнайы өрт сөндіру техникасының құрал-жабдықтарымен, өрт сөндірушілердің саймандарымен таныстыру арқылы өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есіктер күнін» өткізді.
Барлығы 50 оқушы қатысты. Оқушылар күн сайын өз өмірін қатерге тігіп адамдар мен тұрғын үйлерді оттан құтқаратын қатардағы өрт сөндірушілердің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар балалар арнайы өрт техникалары автоцистернамен таныстырылды
Мектеп тәрбиеленушілері өрт кезіндегі өрт сөндіру құралдарының жауынгерлік өрістетілуіне және мамандардың шұғыл іс-әрекетіне көп қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, Ақсу ауданы ТЖБ қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясы туралы айтылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі